Америкалық сарапшы Асу Алмабаеты Шавкат Рахмоновпен салыстырды

©instagram.com/darteam.kazakhstan

ММА туралы жазатын америкалық журналист Джек Маккаферри қазақстандық Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне қатысты ойын айты.  

Асу Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турнирінде ямайкалық Оде Осборнды екінші раундта сабмишенмен жеңді. Алмабаев осы кеште ең мықты өнер көрсеткен файтер атанды. 

"Бірінші раунд теңдей болды. Екі файтер де белсенді әрекет етті, ал екінші раунд толықтай Асудың еншісінде. Қазақстандық спортшы грепплингтегі тамаша дағдыларын паш етіп, сабмишенмен керемет жеңіске жетті. Шавкат Рахмоновтың алғашқы айқасындағыдай. Ұқсастық бар. Әзірге Алмабаевтың болашағы туралы айту ерте, алайда оның кейінгі айқастарын тамашалау қызықты болады", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport