Мymmanews.com порталының шолушысы Брэдли Бриггс Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Джефф Нилл арасындағы айқас туралы пікірімен бөлісті. Әңгіме барысында ол файтерлердің мықты тұстарын атып, жекпе-жекке болжам жасады.
Бұл кездесу 2023 жылы 15 қаңтарда Лас-Вегас қаласында "Арех-Аренада" өтуі мүмкін.
"Бұл кездесу өте қызық болады. Оған бірнеше себеп бар. Жеңілістің кермек дәмін татпаған Рахмонов карьерасындағы ең қиын қарсыласпен кездеседі. Рахмонов - өте талантты спортшы. Әртүрлі стильмпен айқаса алады. Ол 27 жаста. Сондықтан ол UFC-дің жарық жұлдызы болуы мүмкін.
Нил - қауіпті қарсылас. Тәжірибесі де көп. Рахмоновты алдап кетуі мүмкін. Бірақ менің ойымша, бұл файтерлердің мүмкіндігі тең. Сонымен қатар, бұл кездесу нокаутпен аяқталуы да ықтимал. Сабмишн немесе нокаутпен", - деді Бриггс.