Америкалық маман Жұмағұловтың келесі кездесуі туралы ойымен бөлісті

28 қыркүйек 2021 20:28
©UFC

Мma.uno порталының шолушысы Стив Дункан Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен португалиялық Манель Капе арасындағы кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

Бұл кездесу 4 желтоқсан күні болады. Жекпе-жектің нақты қайда өтетіні әлі белгісіз. Жұмағұлов үшін бұл биылға өткізетін үшінші кездесуі болса, Манелдің төртінші жекпе-жегі болады. 

"Бізді қызық жекпе-жек күтіп тұр. Манель Капе мен Жалғас Жұмағұловтың карьералары ұқсас. Екеуі де бірінші айқастарында жеңілді. Соңғы кездесулерінде жарқын жеңіске қол жеткізді. Енді алдағы кездесуде қай жеңгені рейтингте тағы жоғарылайды. Менің ойымша, Капе мықтырақ. Бірақ Жұмағұлов тосынсый жасауы мүмкін. Анық фоваритті айту қиын", - деді Дункан. 

Еске салайық, Жұмағұлов соңғы кездесуін шілде айында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 264 турнирінде өткізіп, Джером Ривейраны жеңді. Содан соң Жалғас промоушенмен төрт жекпе-жекке жаңа келісімшарт жасады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: