Америкалық журналист Шавкаттың ізін басатын қазақ файтерді атады

©UFC

Америкалық журналист Джек Маккаферри UFC-де Шавкат Рахмоновтың (18-0) жетістігін қайталай алатын қазақ файтерді атады. 

Шавкат қазіргі таңда жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші тұр. 

"Рахмонов - Қазақстанның басты жұлдызы. Ол өзіне үлкен назар аударуда. Алайда әзір көлеңкеде жүрген мықты файтерлер көп. Олардың арасында UFC-де жарқ ете қалған Асу Алмабаев. Бірініші айқас - нокаутпен жеңіс, одан кейін анық басымдықпен жеңіс. Бұл жігіт Шавкаттың жылдам серпінін қайталай алады. Дивизион өте қызықты әрі бәсекеге толы. Асудың жекпе-жектерін тамашалу қажет. Оның әлеуеті зор", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport