Америкалық файтер Рахмоновты сабайтынын айтады

27 қыркүйек 2023 10:31
©Daily Express

Америкалық файтер Стивен Томпсон (17-6-1) алдағы Шавкат Рахмоновпен (17-0) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақтағы бұл кездесу 17 желтоқсан Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде өтеді. 

"Мен октагонға шығып, ол жігітті сабап тастайтыныма сенімдімін. Негізі Шавкат титул үшін жұдырықтасу керек, осы UFC 296 турнирінен кейін - Ковингтон мен Эдвардс айқасының жеңімпазымен. Ол мұндайға лайық деп ойлаймын. Бірақ Рахмоновты мен жеңген жағдайда, мен де титулдық айқасқа мүмкіндігімді алу керекпін", - дейді ол Крис Вайдманға берген сұхбатында. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport