Америкалық файтер Рахмоновты жекпе-жекке шақырды. Шавкат жауап берді

30 желтоқсан 2022 13:28
©nice-bets.ru

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (16-0) америкалық Джефф Нилге (15-4) қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу 14 қаңтарда Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турниріне жоспарланған еді. Нил жарақатына байланысты сегізбұрышқа шыға алмайтыны белгілі болды.

UFC Шавкатқа жаңа қарсылас іздеп жатыр. Осы тұста америкалық Брайан Барберена қазақстандық файтерді жекпе-жекке шақырды. Ол аралық салмақта төбелесуді ұсынды.

"Нил шықпайтын болды. Біз бұрын қысқа мерзімде жекпе-жекке шығуымыз керек еді. Ешкім сенімен айқасқысы келмейді. Мұның бәрін сайтан алсын! 180 фунтта шығайық, сонда кездесейік!" - деп жазды Барберена әлеуметтік желіде.

Шавкат ұсынысты қабылдады: "Неге шықпасқа, жанкүйерлер үшін жасайық".

Барберена кейінгі жекпе-жегін 3 желтоқсанда өткізіп, бразилиялық Рафаэль Дос Аньостан жеңіліп қалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport