Америкалық файтер Жалғас Жұмағұловты айқасқа шақырмақ

3 маусым 2022 13:53
©UFC

UFC-де өнер көрсететін америкалық Оде Осборн қазақстандық Жалғас Жұмағұлов - Джефф Молина жекпе-жегінің жеңімпазын айқасқа шақырмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алдымен Осборн 5 маусымда өзбекстандық Заррух Адашевті жеңу керек.

"Жеңіске жетсем, Жұмағұлов - Молина айқасының жеңімпазын айқасқа шақырам. Шығып қолымнан не келетінін көрсетемін. Мен бабыма келсем, ешкім жеңе алмайды, оған сенімдімін", - деп береді Осборнның сөзін bjpenn.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport