Америкада Шавкат Рахмоновтың сүйкімді жанкүйері қазақша үйрене бастапты

7 наурыз 2023 14:14
©instagram.com/shavkatrakhmonov94/laura_sanko

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың (17-0) менеджері Саят Әбдірахманов "Спорт Шредингера" Youtube арнасына берген сұхбатында UFC журналисті Лора Санконың қызығушылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz

- Мен онымен бұл туралы сөйлескенмін. Ол Шавкатты жарнамалауға көп көмектесуде, осында Америкада. Ол шынымен Шавкаттың жанкүйері, - дейді Саят. 

- Бұл қалай болды?

- Оның спорттағы мықтылығы мен харизмасы деп ойлаймын. Шавкаттың қарапайымдылығы америкалықтарға ұнайды. Ал Лорамен бір қызық жағдай болды. Ол қазақ тілін үйренгелі жүр. Ол маған дыбыстық хабарлама жіберіп, сөздерді дұрыс айтып отырмын ба деп сұрады. Ол жақсы сөйлейді. Жалпы бұл оқиға назарға ілігіп кетті де, өзге жанкүйерлер де осы оқиғаны бақылап жүр", - дейді Әбдірахманов. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport