1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

MMA
Бүгін 09:53
 

Америкада Рахмоновтың UFC-дегі болашағына қатысты алаңдап отыр

  Пікірлер

blog.share

Америкада Рахмоновтың UFC-дегі болашағына қатысты алаңдап отыр ©Тұрар Қазанғапов

Америкалық сарапшылар UFC-дің жартылай орта салмағында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) кареьрасындағы соңғы өзгерістерге баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Америкалық сарапшылар UFC-дің жартылай орта салмағында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) кареьрасындағы соңғы өзгерістерге баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бір жыл бұрын басты үміткер еді, қазір титулға таластан тыс па?

Home of Fight платформасы қазақстандық спортшыға арнайы жазба арнап, UFC-дегі ең бәсекелі дивизиондардың бірінде Рахмоновтың жағдайы соңғы бір жылда қалай өзгергенін талдады.

«Бар болғаны бір жыл бұрын Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы басты сенсация болып, чемпиондық белбеу үшін айқасуы тиіс еді. UFC-де жағдайдың қаншалықты тез өзгеретінін қараңыз. Қазір не көріп отырмыз? Рахмонов 2025 жыл бойы жекпе-жек өткізбеді, ал дәл қазір кем дегенде бес файтер титулға үміткер: Усман, Моралес, Гарри, Пратес және тіпті Топурия да келіссөз жүргізіп жатыр.

Оның үстіне, чемпион да ауысты. Шавкаттан озып кеткендердің арасында Иэн Гарри де бар, ал Рахмонов оны 2024 жылдың желтоқсанында жеңген еді. Сондықтан 2026 жылы титул үшін күрескісі келетін кез келген топ-файтерге керегі - белсенді болу. Әйтпесе, сенің мүмкіндігіңді басқа біреу алып қояды», - деп жазады АҚШ сарапшылары.

Белбеусіз жеңіс: Рахмоновтың октагондағы соңғы жекпе-жегі

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, UFC 310 турнирінің басты айқастарынң біріне шықты. Бастапқыда қазақстандық чемпиондық белбеу үшін Белал Мухаммадпен (24-5) кездесуі тиіс болған. Алайда америкалық файтер жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Нәтижесінде Рахмонов титулдық мәртебесі жоқ жекпе-жекте ирландиялық Иэн Гарримен (17-1) айқасты. Бес раундқа созылған кездесуде Шавкат төрешілер шешімімен жеңіп, дивизиондағы орнын одан әрі нығайтты.

Уәде етілген титулдық жекпе-жек тағы да кейінге қалды

Осы жеңістен кейін UFC басшылығы, соның ішінде Дэйна Уайт, қазақстандық файтерге титулдық мүмкіндік берілетінін ашық мәлімдеген. Белал Мухаммадқа қарсы жекпе-жек Канадада өтетін UFC 315 турниріне жоспарланған болатын.

Алайда бұл жолы айқас Шавкат Рахмоновтың денсаулығына байланысты өтпей қалды.

Қазіргі мәлімет бойынша, қазақстандық файтердің октагонға оралуы 2026 жылдың бірінші жартысына жоспарланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!