Единоборства
31 шілде 2022 12:50

Аманда Нуньес UFC ұйымының чемпиондық белбеуін өзіне қайтарып алды

©UFC

Аманда Нуньес қайтадан жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

34 жастағы бразилиялық файтер 32 жастағы америкалық Джулианна Пеньямен реванш өткізді. 

Бұл жекпе-жек Даллас (АҚШ) қаласындағы өткен UFC 277 турнирінің басты айқасы болды. Нуньес аталған кездесуде бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Еске салайық, бұл қарсыластар өткен жылдың желтоқсан айында кездесіп, Нуньес күтпеген жерден жеңіліп қалған еді. Бұл айқасты мамандар жылдың басты апсеті деп те атады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport