"Алып та, шалып та жығамын!". Хабибтің інісі қазақстандық спортшымен жекпе-жек туралы

17 қыркүйек 2020 14:54
Сурет: Eurosport
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың інісі Умар Нурмагомедов "UFC RUSSIA" YouTube арнасына берген сұхбатында промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Сергей Морозовты жеңетініне сенімді. Спортшының сөзін MMA Fighters KZ Instagram желісінде беріп отыр. 

"Өзіме сенімдімін! Сергей Морозовты алып та, шалып та жығамын! Бәр жағынан таптап өтемін! Бұған толық сенімдімін! Күрес, греплинг, аяқты тік тұрып жұдырықтасудан да есе жібермеймін. Октогонға шығып осыны көрсетемін! Бұл біреулерге ұнаса да, ұнамаса да, осылай жасаймын!", - дейді ол. 

Бұл жекпе-жек UFC 254 турнирінде өтеді, екі спортшы да UFC-де алғаш рет өнер көрсетеді. Ал бұл кештің басты жекпе-жегінде Хабиб пен Джастин Гэтжи жұдырықтасады.