Алтыннан қымбат достық. Желіде финалдық айқас видеосы көпшілкті тамсандырды

20 қаңтар 2023 11:41
©

Әлеуметтік желіде спорт турнирінде түсірілген жігіттердің достығы көрінетін видео тарады.

18 жастағы Ерназ Тұрсынбеков TikTok-парақшасына Өскеменде өткен панкратион бойынша облыстық турнирдің финалында түсірілген видеоны жариялаған. Жарыстың басты жекпе-жегінде екі дос кездескен. Алайда олардың жекпе-жегі жай ғана "қойылым" болған. Өйткені олар бір-біріне қарсы шықпауды ұйғарған. 

Бұл видео 250 мыңнан аса лайк пен шамамен, мың пікір жинаған. Сонымен қатар, үш миллионға жуық қаралым жинаған. Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттер достығын бұзбай, дұрыс таңдау жасағанын айтқан.

@tursynbekov_04 Панкратион @Damok007 радной жекпежек #✌️ #друзя #шоу #соревнования ♬ оригинальный звук - tursynbekov

"Жарайсыңдар", "Керемет, әдемі орындады", "Екі достың құрметі", "Керемет жекпе-жек өтті", - дейді әлеуметтік желі қолданушылары.

Ерназ Тұрсынбековтің сөзінше, финалға дейін олар досымен атақты "тас, қайшы, қағаз" ойынын ойнауға шешім қабылдаған. Финалда жеңімпаз осылай анықталған.

"Досым Дамир Талғатбекұлымен турнир финалына шықтық. Жеңімпазды "тас, қайшы, қағаз" бойынша анықтауға шешім қабылдадық. Біз үшін достық алтыннан да маңызды болды", - дейді ол.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: