Алты оқ. Қазақ файтерді Мәскеуде атып кетті
Аралас жекпе-жектен қазақстандық шебер Бағдат Дүйсембаев Мәскеу орталығында оққа ұшты, деп хабаралйды Vesti.kz.
Аралас жекпе-жектен қазақстандық шебер Бағдат Дүйсембаев Мәскеу орталығында оққа ұшты, деп хабаралйды Vesti.kz.
РЕН-ТВ мәліметінше, оқиға спортшы абонемент алуға барған "Зебра" фитнес клубының маңында болған. Бағдат көлігін автотұраққа қойып, клуб картасының құжаттарын толтырып жатқанда, күзет келіп көлікті алуын талап еткен. Осы кезде жанжал туып, күзетші Дүйсембаевқа алты оқ атқан.
"Атыстан кейін дәрігерлер 30 жастағы Бағадат Дүйсембаевты ауруханаға алып кетті. Оқ ер адамның кеудесіне тиген. Оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр", – дейді арнаға сұхбат беруші.
Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Ал спортшының жағдайы айтылмады.
"Қазақ" лақап атты спортшы жеті жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңген және екі рет тең түскен, үш рет жеңілген. Бағдат карьерасында TOPDOG турниріне қатысқан.
Жарнама