Әлімханұлының промоутері МакГрегор мен бокстан әлем чемпионын жекпе-жекке шағармақ

23 қаңтар 2020 08:27
© championat
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум екі салмқата UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор мен жартылай орта салмақта WBO чемпионы Теренс Кроуфорд арасында жекпе-жек өткізбек ниетте, - деп хабарлайды "Чемпионат"

Оның үстіне Арум бір ғана жекпе-жекпен тоқтап қалмақ емес, промоутер бірден екі кездесу ұйымдастыруды көздеп отыр - бірі бокс, екіншісі ММА ережесі бойынша. 

"Конор МакГрегордің айтатыны Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо. Ал мен Конорды Теренс Кроуфордқа қарсы көргім келеді. Бір жекпе-жек бокс, екіншісі ММА ережесі бойынша. Кроуфорд аздап күресе алады, ММА ережесі бойынша жұдырықтасуға қарсы емес. Сондықтан мұны Дана Уайтпен талқылаймыз", - дейді Арум.