MMA
Кеше 12:43

Алмабаевты UFC-дің экс чемпионымен айқаста кім алмастыратыны белгілі болды

©Аян Несіпбеков

UFC-дің аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Асу Алмабаевты (23-3) мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) өтетін жекпе-жекте кім алмастыратыны белгілі болды. Бұл айқас 28 ақпанда Мексиканың Мехико қаласында өтетін UFC турнирі аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, жарақат алған Алмабаевтың орнын британиялық Лонир Кавана (9-1) басады. Ол бастапқыда 14 наурызда бразилиялық Бруно Силваға (15-7-2) қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болған.

Еске салайық, Асу Алмабаев пен Брэндон Морено арасындағы кездесу UFC Мехико турнирінің басты жекпе-жегі болуы керек еді. Алайда кейінірек қазақстандық файтердің жекпе-жектен бас тартқаны туралы ақпарат тарады.

Алмабаевтың айтуынша, ол Мексикаға ұшардан екі күн бұрын қолын жарақаттап алған.

"Болғаны болды. Қанша тырыссам да, жағдайды өзгерту мүмкін емес. Менің келісімшартымда әлі бес жекпе-жек бар, келісім ұзартылды, алда әлі талай қызықты айқастар күтіп тұр", - деп жазды Алмабаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Брэндон Морено UFC тарихындағы аса жеңіл салмақтағы бұрынғы екі дүркін әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport