Алмабаев UFC-ге өту уақыты туралы айтып берді

14 ақпан 2023 17:07
©instagram.com/asu_zulfikar57/

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Асу Алмабаев UFC ұйымына өтетін уақытқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Legalbet.kz.

"UFC-дегі келесі қазақстандық атану? Білмеймін. Бәрі Алланың қалауымен. Қазір де әдеттегідей жаттығамын - күніне екі рет. Бұл енді біздің жұмыс. 

Мүмкіндігім? Менеджерлер: "Уақыт бер: бір ай, 20 күндей, UFC-мен келісімшарт алып беруге тырысамыз деді. Жүз пайыз ешкім кепіл бере алмайды. Тағы не айта аламын, жұмыс істеп жатырмыз, жаттығып", - дейді Алмабаев.  

Айта кетейік, Асу ММА-дегі 17 жекпе-жектің он алтысында жеңіске жеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport