Алмабаев UFC-де екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

©UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (19-2) Майамиде өткен UFC 299 турнирінде сәтті жекпе-жек өткізді. Ол америкалық Си Джей Вергерамен (12-5-1) шайқасып, айқын жеңіске жетті. 

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Асу қарсыласына мықтылығын мойындатып, шеберлігі байқатты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен 30:27, 30:27, 30:27 есебімен жеңіске жетті. 

30 жастағы қазақстандық спортшы UFC-гі екінші кездесуін өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтады. Бұған дейін Асу Оди Осборнды (12,6,-1) қылқындыру әдісімен жеңіп шыққан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport