"Алқаштық жеңіп жатыр". Промоутер атақты ресейлік файтердің айқасы жайлы

25 ақпан 2022 07:50
©matchtv.ru

Ресейлік промоутер Камил Гаджиев  Александр Емельяненко мен Джефф Монсон жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.ru

"Саня үшін қуаныштымын - жеңіл ақша. Ол күш салмай табыс көре алатынына қуанам. Бірақ бұл Джефф Монсонның фармасы мен Саняның алқаштығы арасындағы айқас болды. Әзірге алкоголизм жеңіп жатыр. 

Кокляевпен жекпе-жекте ғана Саня соңғы рет соққы күшін көрсеткен. Қазір оның күйі жақсы емес. Ол бірінші раундта жеңді де, қалған екі раундты төрешілер шешіміне дейін жеткізе алды", - дейді Гаджиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: