Ресейлік промоутер Камил Гаджиев Александр Емельяненко мен Джефф Монсон жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.ru.
"Саня үшін қуаныштымын - жеңіл ақша. Ол күш салмай табыс көре алатынына қуанам. Бірақ бұл Джефф Монсонның фармасы мен Саняның алқаштығы арасындағы айқас болды. Әзірге алкоголизм жеңіп жатыр.
Кокляевпен жекпе-жекте ғана Саня соңғы рет соққы күшін көрсеткен. Қазір оның күйі жақсы емес. Ол бірінші раундта жеңді де, қалған екі раундты төрешілер шешіміне дейін жеткізе алды", - дейді Гаджиев.