Әлем чемпионын көшеде өлтірген сәттегі видео жарияланды

21 ақпан 2023 15:36
©Видеодан кадр

Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті. Бұл туралы 112 телеграм арнасы хабарлады. 

Грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үйінен таңғы төртте біреумен сөйлесуге есік алдына шыққан, одан кейін өлі табылды. 

Кейін Желіде Мардановты қалай өлтіргенінің видеосы жарияланды. Онда шабуылдаған екі адам Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатыстылардың бірі аңшы мылтығынан жерге атады, алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді. 

Қазіргі таңда 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам қашып жүр. Тергеу жан-жал себебін анықтап жатыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport