"Әлі толық шешілмеді". Менеджер Дамир Исмагуловтың келесі жекпе-жегі жайлы

27 желтоқсан 2021 17:48
©UFC

Ресейдің атынан UFC ұйымында өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагуловтың (23-1) келесі кездеуі әлі нақтыланбады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында файтердің менеджері Саят Әбдірахманов айтты. 

Менеджердің айтуынша, алдағы жекпе-жек туралы әлі келіссөз жүріп жатыр екен. Негізі осыған дейін Исмагулов келесі кездесуін 19 ақпан күні Лас-Вегаста өткізеді деген ақпарат шықты. Ол жарақат алған спортшының орнына ауғаныстандық Насрат Хакпарастпен (13-4) кездеседі делінген еді. 

Бірақ Саят Әбдірахмановтың мәліметінше, Исмагулов Хакпараст кездесуі бойынша әлі толық келісімге келмеген. 30 жастағы спортшының қарсыласы басқа файтер де болуы мүмкін. Сондықтан оның алдағы қарсыласы әлі нақтыланбады. 

Еске салайық, Исмагулов UFC ұйымында осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: