Ақысын жеді! Fight Nights турнирінде қазақ спортшының парсылық қарсыласымен жекпе-жегі даумен аяқталды

26 желтоқсан 2020 15:14
Мұратбек Қасымбай. Сурет: : AMC Fight Nights©️

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Мұратбек Қасымбай (10-4) Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астаналық файтердің қарсыласы үнемі дауға ілігіп жүретін ирандық Мохамад Хейбати (3-0), оған "Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап аты берілген. Жекпе-жек қорытындысы бойынша үш төреші де 29:28 есебімен жеңісті Мохамадқа беріп, бұл шешім дау тудырды. 

Ұш раунд бойы қазақ спортшы алаң ортасын ұстап, қарсыласына қысым жасады. Сонымен қоса оның пайдасына екі тейкдаун жазылды. Дегенмен төрешілердің шешімі өзге болды.

"Мұны қалай түсінуге болады? Мен жеңгенімді бәрі көрді. Қалайша жеілгенімді білмеймін. Мені тіпті матчмейкерлер де құттықтап үлгерді", - деді Мұратбек жекпе-жектен кейін. 

Бұл пікірге "Парсыдан шыққан дағыстандықпен" жекпе-жек өткізу керек болған Чоршанбе Чоршанбиев (6-3-1) те қосылып, қазақ спортшының жеңгенін мойындады. 


 

Метки: