Ақышев пен Алмабаев қатысатын Алматыдағы турнирге тікелей трансляция

21 тамыз 2021 11:59
©сурет: qazsporttv.kz

Бүгін Алматыда қазақстандық ивент Oktagon League мен бахрейндік промоушн Brave CF бірлесіп ұйымдастырған ММА турнирі өтеді, деп жазады Vesti.kz сайты.

Brave турнирінің 53 және Oktagon турнирінің 22 жарысында 14 жекпе-жек өтеді деп жоспарлануда. Олардың арасында Қазақстан намысын он спортшы қорғаса, көрші қырғыз елінен бес, Өзбекстаннан төрт, Бразилиядан үш, Ресейден екі спортшы және Канада, Германия, Украина мен Оңтүстік Кореядан бір өкілден өнер көрсетеді.

Dar Team Pro командасының өкілі Асу Алмабаев (12-2) пен украиналық Александр Доскальчук (10-2) арасындағы кездесу тартысты болады деп күтілуде. Сонымен қатар, жартылай орта салмақта кештің басты айқасында жерлесіміз Нұржан Ақышев (11-3) пен жеңіліс көрмеген оңтүстік кореялық Тэ Кюн Ким (8-0) өзара мықтыны анықтайды. Бұл жекпе-жек те қызыққа толы болатыны сөзсіз.

ММА шеберінің кездесулерін Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен елорда уақытымен 18.00 бастап тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: