"Ақымақтық". Рахмоновтан жеңілген америкалық күтпеген мәлімдеме жасады

23 маусым 2023 12:34
©Zuffa LLC

UFC файтері Джефф Нил қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен не түйгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Наурызда өткен UFC 285 тунирінде Рахмонов үшінші раундта Нилді қылқындыру әдісімен жеңді.

"Мен ешкімге салғырт қарамау керегін түсіндім. Бәрі Шавкатты тым қатты мақтады, ал мен бұл хайпқа сенбедім. Мен: "Құрысын! Ол сондай мықты емес. Шынына келгенде ол түкке тұрмайды" деп ойладым. 

Рахмоновпен жекпе-жекке салмақтылау қарауым керек еді. Ол мен ойлағандай осал болмай шықты. Мықты жігіт екен. UFC-де әр жекпе-жек қауіпті. Мен ақымақтық жасадым", - деп береді Нилдің сөзін Middle Easy.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport