Ақша ауадан келмейді - Шавкат Рахмонов

17 қараша 2022 18:43
©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

- Әлем чемпионатында қай құрамаға жанкүйер боласың?

- Қазақстан құрамасы қатыспайды. Сонда кімге жанкүйер боламын (күліп).

- Сен жақында қымбат көлік (Тойота Прадо) сатып алдың. Соншама еңбекпен тапқан ақшаны көлікке салғанда қандай сезімде болдың?

- Әрине жақсы көлік алғанда көңілің көтеріледі. Бұл үлкен еңбекпен келген көлік. Ақша ауадан келмейді. Мен адал еңбегімнің арқасында алдым. Табыс таба алатыныма мүмкіндік берген Жаратқанға алғыс айтамын. Көптеген спортшылар еңбек етіп жүріп біреуі табысқа қол жеткізсе, қалғандары әлі күнге дейін өздері ойлағандай табыс таба алмай келеді. Алда әлі жоспарым көп. Бірақ алдына ала ешкімге жоспарыммен бөліскім келмейді, - деді Рахмонов "Вестник ММА" youtube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі келесі айқасын 15 қаңтар күні Лас-Вегаста (АҚШ) америкалық Джефф Нилмен жекпе-жек өткізеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport