АҚШ-та қазақстандық файтер қызды тарихқа енген чемпионның ізбасары деп атады

15 маусым 2020 13:03
Сурет: championat
Қазақстандық файтер қыз Мария Агапова (9-1) UFC чемпионы болады, - деп жазады америкалық Fightingdna.com сайты. 

Бірінші раундтан асырмады. Қазақстандық файтер қыздың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы

"2020 Мария Агапованың тасы өрге домалайтын жыл, өйткені ол келесі Йоанна Енджейчик болады. Өте жеңіл салмақта әйелдер арасында таланттар жетіспеушілігі бар, ал Агапова бұл дивизионға дем бере алады", - деп жазыпты басылым. 



Еске салайық, польшалық Енджейчик UFC ұйымында чемпион болған еуропалық бірінші әйел. Ол белбеуін үш рет сәтті қорғап, 2017 жылы 4 қарашада Роуз Намаюнас бірінші раундта жеңілген еді.