Америкалық ММА шолушысы Джейден Кейбл қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың (23-3) болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның пікірінше, Алмабаев алдағы уақытта UFC чемпионы атануға қауқарлы. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесінде жетінші орында тұр.
"Қазіргі пікір: Асу Алмабаев - қазір ең жеңіл салмақтағы ең жан-жақты дамыған файтер және ол UFC чемпионы болады (Манель Капе олардың жекпе-жегінде ереже бұзып, бірнеше рет көзге саусағын тығып жіберді)", - деп жазды Кейбл Х әлеуметтік желісінде.
Алмабаев келесі жекпе-жегін 28 ақпанда Мехико қаласында (Мексика) өткізеді. Ол UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде жергілікті экс-чемпион Брэндон Мореномен (29-3-2) жұдырықтасады. Морено дивизионда бесінші орында тұр.
Қоса кетейік, Алмабаев UFC-де алты жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Жалғыз жеңіліс португалиялық Манель Капемен айқаста болды.
Жарнама