Әкім мен парламент депутаты жекпе-жекке шықты

15 желтоқсан 2021 10:08
©Видеодан жасалған скрин

Бразилияда Борба қаласының әкімі Симау Пейшото өзінің бұрынғы кеңесшісі, ал қазіргі таңда парламент депутаты Эринеу да Силваны жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды The Guardian.

Екі шенеунік қалалық саябаққа қатысты жанжалдасып қалған. Депутат қала әкімін өзен бойындағы саябақты сақтай алмағаны үшін сынға алыпты. Бұған жауап ретінде Пейшото оны сабауға дайын екенін көрсеткен видео жариялайды. 

Осылайша, екі шенді аралас жекпе-жек ережесі бойынша төбелесетін болып шешті. 

Жергілікті мектеп спортзалында өткен жекпе-жек тікелей эфирде көрсетілген. Үш раунд қорытындысы бойынша қала әкімі ұпай санымен жеңіпті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: