"Әкесі жоқта қолынан не келерін білмеймін". Екі салмақта бұрынғы чемпион Хабиб туралы

Сурет: championat.com
Екі салмақта UFC чемпионы болған америкалық Даниэль Кормье жеңіл дивизион көшбасшысы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің алдағы карьерасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды sports.ru.

"Чемпионмен сәрсенбіде тілдескенмін, әкесі қайтыс болардан екі күн бұрын. Өте ауыр күйде жүрді. Жаттығулар көңілін басқа жаққа бұрғандай болды, дегенмен, мұндай жағдайда жұдырықтасу өте қиын болады. 

Енді не болатынын елестете де алмаймын. Шынымен. Әкесі оның өмірінде үлкен орын алатын, енді ол жақта қолынан не келерін білмеймін. Әкесі жоқта не істейтінін елестете алар емеспін", - деп береді Крмьенің сөзін FightTime.

Хабиб Нурмагомедов әкесінің өліміне қатысты мәлімдеме жасады