Әкесі COVID-19 жұқтырған Хабиб коронавируске тексерілуден бас тартты

26 мамыр 2020 13:36
Сурет: РИА Новости©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов коронавируске тексерілуден бас тартты, - деп хабарлайды Mash телеграм арнасы.

Еске салайық, файтердің 57 жастағы әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлер оның коронавирус жұқтырғанын және індет осал жүрекке ауырлық түсіргенін хабарлаған еді. 

Осыдан кейін Хабибтің өзі де коронавируске байланысты Дағыстан халқын сақ болуға шақырып, үндеу жасаған еді. Ақапарт бойынша, спортшыға тексерістен өту ұсынылғанда ол бас тартып, бар назарды әкесіне салуды сұраған екен. 

"Жағдай өте ауыр". Хабиб әкесі мен коронавиурс жайында мәлімдеме жасады