Ахметов айқасуға шақырған чемпион UFC аңызын нокаутқа түсіріп титулын қорғады

Сурет: TATAME

Бір сағат бұрын Сингапурдегі Singapore Indoor Stadium аренасында ONE on TNT 1 турнирі аяқталды. Бұл шоудың басты айқасында өте жеңіл салмақта ONE Championship чемпионы бразилиялық Адриано Мораес пен америкалық Деметриус Джонсон бетпе-бет келді.

Бұл кездесу екінші раундта аяқталды. Мораес қарсыласын сол жақ апперкотпен құлатты. Деметриус бірден орнынан тұрмақшы болды, алайда, бразилиялық тіземен соққы жасап, америкалықты нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Джонсон – аралас жекпе-жек аңызы. Деметриус көп жылдар UFC промоушенінің p4P рейтингін бастап тұрды. Гери Сехудодан жеңілгенге дейін он бір рет белбеуін қорғаған.

Ал Мораес – ONE FC лигасының үш дүркін чемпионы. Адриано белбеуді бірінші рет 2014 жылы жеңіп алды. Содан бері одан екі рет айырылып, қайта қайтарған. Бразилиялық қазақстандық Қайрат Ахметовпен де екі рет жұдырықтасқан: 2015 жылы жеңіліп, екі жылдан кейін қарымтасын алды.

"Бітпеген іс бар, інішек". Қайрат Ахметов белгілі қарсыласын текетірес нүктесін қоятын айқасқа шақырды

Метки: