UFC-де өнер көрсеттін оңтүстік африкалық Темба Горимбо (12-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шыққысы келтінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.
"Шавкатты сабайтын бірінші адам боламын және оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс менен болады", - деп береді Горимбоның сөзін MMA on SiriusXM.
Темба алдағы 10 айда титулды айқасқа шыққысы келеді екен, осы үшін топ-10 тізімдегі кез келген файтермен айқаспақ.
Африкалық файтер Лас-Вегастағы UFC Fight Night 235 турнирінде өткізген кейінгі айқасында америкалық Пит Родригесті (5-2) 32 секундта нокаутқа түсірген болатын.