Монреальда өткен UFC 315 турнирінен кейін жеңіл салмақтағы рейтингтерге бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Захаби – Алдо жекпе-жегі бойынша шешім
Жекпе-жек кешінің ең жарқын айқастарының бірі канадалық Айман Захаби (13-2) мен UFC-дің Даңқ залына енген бразилиялық ардагер Жозе Алдо (32-10) арасындағы кездесу болды.
Захаби жекпе-жекте жеңіске жетіп, рейтингте бірден төрт сатыға көтерілді. Қазіргі таңда ол жеңіл салмақтағы 11-орында тұр. Ал бұл орын бұған дейін Жозе Алдоға тиесілі болған еді, енді бразилиялық файтер рейтингтен мүлде шығып қалды.
Бекзат Алмахан рейтингке кірмеді
Турнирде жеңіл салмақтағы тағы бір жекпе-жек қазақстандық Бекзат Алмахан (12-2) мен канадалық Брэд Катона (14-5) арасында өтті. Алмахан қарсыласын бар-жоғы 64 секундта нокаутқа түсірді.
Алайда UFC басшылығы Бекзаттың бұл әсерлі жеңісіне қарамастан, оны рейтингке қоспады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Джон Морган.
Еске салайық, бұл 27 жастағы қазақстандық файтердің UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Ол 2024 жылдың наурызында октагонда дебютін өткізген еді. Ол кезде Бекзаттың қарсыласы ресейлік белгілі файтер Умар Нурмагомедов (18-1) болды. Бекзат бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, төрешілер шешімімен есе жіберді.
Жарнама