"Әділ болмады". Өзбек спортшысының бапкері "Бопаймен" жекпе-жекте аяқтан шалу болғанын мәлімдеді

19 тамыз 2021 18:57
Зәмзәгүл Файзолланова. Сурет: Ольга Апельганец©

Alash Pride Grand Prix 67 турнирінің қызықты айқастарының бірі жерлесіміз Зәмзәгүл Файзолланова (7-1) мен өзбек қызы Хожинисо Комолдинова (0-1) арасында болды. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті "Бопайға" берді. Дегенмен Комолдинованың жеке бапкері әділ-қазылар шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.

"Бұл кешке ұзақ дайындалып едік. Жеке менің пікірім бойынша жекпе-жек әділ болмады. Жарысты ұйымдастырушы Alash Pride пен төрешілерге көңіліміз толмайды. Барлығы біздің жеңіске жеткенімізді көрді. Өзбекстанда бұл айқасты көптеген адам тамашалады. Барлығы осы кездесуді күтті, - дейді Жавлонбек Тохтабаев.

Спортшының өзі де жеңілісін мойындамады.

"Менің ойымша, бірінші және екінші раундта жеңіске мен жеттім деп есептеймін. Не себепті төрешілердің басқа шешім қабылдағанын түсінбеймін. Жекпе-жектің алғашқы екі айналымында белсенді болдым. Үшінші раундта қарсыласымның басым болғаны рас", - дейді өзбек спортшысы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, араға біраз уақыт салып сегізбұрышқа қайта оралған Зәмзәгүл Файзолланова жақында PFL лигасымен келісім-шартқа отырған болатын. Екі баланың анасы АҚШ-ғы тырнақ алды айқасын қыркүйек немесе қазан айында өткізеді деген ақпарат бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: