Единоборства
4 қараша 14:06
 

"Адам өліп кете жаздады". Қазақ файтердің жекпе-жегінде үлкен шу болды

  Пікірлер

blog.share

"Адам өліп кете жаздады". Қазақ файтердің жекпе-жегінде үлкен шу болды ©Видеодан кадр

Қазақстандық файтер Жұман Жұманбеков (14-8) Астанада өткен Dala Fighting Championship турнирінде үндістандық Абхилаш Раутты (2-4) жеңді. 

blog.share

Қазақстандық файтер Жұман Жұманбеков (14-8) Астанада өткен Dala Fighting Championship турнирінде үндістандық Абхилаш Раутты (2-4) жеңді. 

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, Жұман қарсыласын партерде тұншықтыру әдісіне алды. Бұл жекпе-жекте Руттың есінен танып қалғанын да байқамаған төрешінің ісі үлкен шу тудырды. Жұмабеков қарсыласының есінен танып қалғанын өзі сезіп, оны босатып жіберді. 

Оның үстіне қазақ файтер қарсыласынан қолын ажыратқаны сол еді, төреші одан жекпе-жекті жалғастыруды талап етеді. Содан кейін ғана үндістандыққа қарап, оның ессіз жатқанын көреді. 

Жеңіс видеосының астында көптеген адамдар төрешіні сынады. Ал қазақстандық файтер Артем Резников төреші үшін үндістандық спортшы өліп кетуі мүмкін еді деп жазды.  

"Жұман кәсіпқой және мұны сезді, қарсыласының ұйықтап қалғанын, бұл жақсы болды! Мұндай төреші үшін адам өліп кетуі мүмкін еді", - деп жазыпты Резников. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!