ACA лигасындағы қазақстандықтың келесі қарсыласы белгілі

5 қыркүйек 2022 10:44
©instagram.com/georgiy_kichigin/

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Георгий Кичигин (25-9) келесі жекпе-жегін 23 қыркүйек Петербордағы ACA 145 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық файтердің қарсыласы бразилиялық Сиро Родригес (23-11-1) болады.

Кичигин кейінгі екі айқасында жеңіліп қалған еді. 2021 жылы ACA 130 турнирінде Черси Дадаевтан және ACA 138 жарысында Магомедсаид Алибековқа есе жіберді.

Родригес ACA 140 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде Салам Абрахмановқа есе жіберген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: