Абубакар есімін таңдады. Әйгілі Емельяненко ислам дінін қабылдады

©РИА Новости

Аралас жекпе-жектің белгілі шебері, ресейлік Александр Емельяненко ислам дінін қабылдады. Бұл туралы Sport24 басылымына бапкер Расул Магомедалиев хабарлады. 

"Александр үшін қуаныштымын, ол ұлы спортшы. Ислам қабылдағаны үшін емес. Оның исламға өткені түсінікті, жағымды сезім. Ол жігіттің ішкілікті қойғанына қуаныштымын. Ол исламға өткеніне шүбәм жоқ. Исламды қабылдамай Мединаға қажылыққа бармайды. Ол жаққа 100 пайыз мұсылмандар барады. Басқаша болмайды", - дейді Магомедалиев.

Бұған дейін Александр Емельяненко Мединадағы Мұхаммед пайғамбар жерленген Әл-Масджид ан-Набави мешітіне барған видеосын жариялаған. Сонымен қоса, Емельяненко өзіне Абубакар есімін таңдағаны видео да таралды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: