6 секундтағы нокаут. Үш дүркін әлем чемпионы қарсыласын бір соққымен талдырды

19 қыркүйек 2020 14:35
Сурет: Eurosport

Өткен түнде Тайланд астанасы Бангкокте ONE Championship промоушені аясындағы кезекті турнир өтті, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Тайлық Капитан Петчинди мен Петчтатонг Петчфергус арасындағы жекпе-жек алтыншы секундта ауыр нокаутпен аяқталды. 



Петчинди қарсыласын бір ғана соққымен есінен тандырды. Осылайша, 27 жастағы спортшы промоушеннің рекордын орнатты. 

ONE FC сайтындағы ақпарат бойынша, Капитан Петчинди 181 жекпе-жекке шығып, оның 141 кездесуінде жеңіске жеткен. Муай-тайдан үш дүркін әлем чемпионы енді промоушен чемпионы ресейлік Алаверди Рамазановпен титулды айқас өткізуі мүмкін.