6 секундтағы нокаут. Үш дүркін әлем чемпионы қарсыласын бір соққымен талдырды
Сурет: Eurosport
Өткен түнде Тайланд астанасы Бангкокте ONE Championship промоушені аясындағы кезекті турнир өтті, - деп хабарлайды "Р-Спорт".
Тайлық Капитан Петчинди мен Петчтатонг Петчфергус арасындағы жекпе-жек алтыншы секундта ауыр нокаутпен аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramӨткен түнде Тайланд астанасы Бангкокте ONE Championship промоушені аясындағы кезекті турнир өтті, - деп хабарлайды "Р-Спорт".
Тайлық Капитан Петчинди мен Петчтатонг Петчфергус арасындағы жекпе-жек алтыншы секундта ауыр нокаутпен аяқталды.
Петчинди қарсыласын бір ғана соққымен есінен тандырды. Осылайша, 27 жастағы спортшы промоушеннің рекордын орнатты.
ONE FC сайтындағы ақпарат бойынша, Капитан Петчинди 181 жекпе-жекке шығып, оның 141 кездесуінде жеңіске жеткен. Муай-тайдан үш дүркін әлем чемпионы енді промоушен чемпионы ресейлік Алаверди Рамазановпен титулды айқас өткізуі мүмкін.
Жарнама