6 секунд. Жындыханадан қашқан спортшы әйгілі Емельяненконы тағы құлатты
Ауыр салмақтағы файтер Александр Емельяненко мен Вячеслав Дацик Hardcore Boxing лигасындағы баспасөз мәслихаты кезінде спарринг өткізді, деп хабарлайды Sports.ru.
Ауыр салмақтағы файтер Александр Емельяненко мен Вячеслав Дацик Hardcore Boxing лигасындағы баспасөз мәслихаты кезінде спарринг өткізді, деп хабарлайды Sports.ru.
Шынайы жекпе-жекке ұқсайтын спарринг кезінде Дацик Емельяненконы есеңгіретіп тастады, орнынан тұрған Александр спаррингті жалғастырды, алайда, көп ұзамай қайтадан сүйеу іздеп еңкейіп алды. Осы кезде төреші спаррингті тоқтатты.
Еске салайық, қыркүйек соңында Дацик пен Емельяненко бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізіп, Александар 13 секундта нокаутқа түскен болатын.
Айта кетейік, 2010 жылы Дацик Ленинград облысындағы жындыханадан қашып, Норвегияға өтіп кеткен еді.
Жарнама