45 жастағы Федор Емельяненко қарсыласын нокаутқа түсірді

24 қазан 2021 12:54
©championat

Ресейлік әйгілі Федор Емельяненко (40-6-0-1) спорттық карьерасындағы 47 жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мәскеудегі Bellator 269 турнирінің басты айқасында Емельяненко мен америкалық Тимоти Джонсон (15-8) шыққан болатын.

Көптен күткен кездесу бірінші раундта "Соңғы Императордың" айқын жеңісімен аяқатлды. Ресейлік ММА шебері қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Ал 36 жастағы Джонсон биылғы маусымда қатарынан екінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр. Қаңтар айында америкалық спортшы төрешілердің бірауыз шешімімен Валентин Молдавскийге есе жіберді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: