43 жастағы файтер әлемнің ең мықты промоушенімен жаңа келісімшартқа қол қойды

27 маусым 2020 11:20
Сурет: Fightnews.info
Ауыр салмақтағы UFC файтері ресейлік Алексей Олейник промоушенмен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы аралас жекпе-жек шебері Instagram арқылы хабарлады. 

"Жаңа келісімшартқа қол қойып жатырмын. Өзіңді роман жазып жатқандай сезінеді екенсің", - депті файтер.



43 жастағы ресейлік файтер UFC-де 2014 жылдан бері өнер көрсетуде. 12 жекпе-жекте ол сегіз рет жеңіп, төртеуінде жеңілді. 9 мамырдағы UFC 249 турнирінде Олейник ұйымның бұрынғы чемпионы Фабрисиу Вердумды төрешілердің бөлек шешімімен жеңген еді. 
Метки: