42 жастағы Гловер Тейшейра UFC ұйымының ең егде чемпионы атанды

©UFC

Бразилиялық Гловер Тейшейра (33-7) жартылай ауыр салмақта UFC ұйымының жаңа чемпионы атанды. Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен UFC 267 турнирінің басты айқасында ол чемпиондық белбеу иегері польшалық Ян Блаховичтен (28-9) үстем түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бес раундқа жоспарланған айқас екінші кезеңде аяқталды. Екінші раунда Тейшейра қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері қарсыласын құлатты да, әдіске салды.

Бұл Тейшейраның карьасындағы 33 жеңісі. Ал Блахович болса 2019 жылдан бері бірінші мәрте жеңілді. 

Польшалық спортшы белбеуін екінші рет қорғаған еді. Бірінші рет ол наурыз айында Исраэль Адесаньяға қарсы қорғап, белбеуін сақтап қалған. 

Осылайша, Тейшейра UFC ұйымы тарихындағы ең егде чемпион атанды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар