40 секундта жеңіске жеткен МакГрегордың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

24 қаңтар 2020 15:13
© FightTime
Екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор келесі жекпе-жегін алдағы төрт ай ішінде өткізеді, деп хабарлайды "Чемпионат".

Файтердің бапкері Джон Кавана ирландиялық жазға дейін жұдырықтаспақшы екенін растады.

"егер жазға дейін жекпе-жек өткізсе қатты таңданамын. Бірақ ол жазға дейін жекпе-жек өткіз ниетте екені анық", - дейді маман.