auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"30-0 болмайды!". Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады

Ол үш мәрте чемпиондық атағын қорғады.

"30-0 болмайды!". Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады
Сурет: MMA fighting©
Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Абу-Даби қаласында 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады,- деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Бүгін мен соңғы жекпе-жегімді өткізгенім туралы хабарлағым келеді. Менің бар қалайтыным - салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің бірінші орнына шығу. 

Мен бұған лайықтымын деп ойлаймын. 29-0. Бір рет жеңілген жоқпын. Ұйымның басшыларына рақмет айтқым келеді. Барлықтарыңызға рақмет. Ана, енді төбелеспеймін деп уәде бердім", - деді Хабиб жекпе-жектен кейін. 

Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Ол бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегор және америкалық Дастин Порьеге қарсы айқаста белбеуін сәтті қорғаған болатын. Ал жалпы белбеуді ресейлік спортшы 2018 жылы америкалық Эл Яквинтаға қарсы кездесуде жеңіп алған еді.

Осылайша Нурмагомедов 29-шы кездесуінде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Ол әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған. Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің өмірден өткенінен кейінгі бірінші кездесуі болатын. Гэтжи болса, карьерасында үшінші рет жеңілді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек кеште біздің отандасымыз Шавкат Рахмонов та өнер көрсетті. Ол бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесіп, бірінші раундта жеңіске жетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар