21 жастағы Мухаммад Мокаев (7-0-0-1) UFC-де алғашқы айқасын өткізді. Өте жеңіл салмақтағы спортшы Лондонда өткен UFC Fight Night 204 турниріне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұлыбритания атынан жұдырықтасатын Мокаевтың қарсыласы 30 жастағы америкалық Коди Дюрден (12-4-1) болды. Айқастың бірінші минутында-ақ Дағыстан тумасы қарсыласына қылқындыру әдісін қолданды.
Еске салайық, мұның алдында Мокаев UFC-де ең жас чемпион атанатынын мәлімдеген.
Осы салмақта қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-6) та өнер көрсететінін айта кетейік.