20 секунд. Файтер қарсыласын аяқтан тік тұрған күйде тұншықтырып есінен тандырды

24 қыркүйек 2019 16:44
YouTube-тегі видеодан алынған кадр
Румыниялық MMA файтері Анна Мария Паль өз елінде өткен Real Xtreme Fighting 35 турнирінде ирандық Самерех Кианиді жеңді.

Паль мен Киани арасындағы жекпе-жек 20 секундта аяқталды. Румыниялық спортшы қарсыласын тұншықтыру әдісіне салып, аяғында тіктұрған күйде есінен тандырды.

Төреші жекпе-жекті Киани есінен танып қалғанда бірден тоқтатты. Аз уақыттан кейін ол есін жиды.




Иран спортшысы үшін бұл ММА-де алғашқы жұдырықтасу. Паль болса бұған дейін бір жеңіп, бір жеңілген.




Метки: