"100-ден 99 рет жеңемін". UFC файтері белгілі шешенмен жекпе-жек жайлы

10 қазан 2023 17:01
©Fightnews.info

UFC-дің орта салмақ рейтингінде алтыншы тұрған бразилиялық Паулу Коста (14-2) Хамзат Чимаевпен (12-0) жекпе-жектен бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жуырда ол шынтағына операция жасатқан болатын.

"Мен бұл жекпе-жектен бас тартпаймын. Мен оны жүзден тоқсан тоғызында жеңемін. Дәрігер рұқсат бермесе ғана айқасқа шықпаймын. Ал жеке өзім онымен жұдырықтасқым келеді", - деп береді Костаның сөзін ESPN MMA.

Чимаев - Коста жекпе-жегі 22 қазан Абу-Дабидегі UFC 294 турниріне жоспарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport