10 жыл бұрын базарда жүмыс істеген қазақ енді UFC-де айқасады

©

Қазіргі таңда әлемдегі ең мықты промоушен - UFC-мен келісімшартқа отырған қазақстандық Асу Алмабаев жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алмабаев Instagram желісінде пост жариялап, DAR Team командасы мен оның басшысына алғыс білдіріп, жанкүйерлерді армандаудан қорықпауға шақырды. 

"Осыдан 10 жыл бұрын мен базарда жұмыс істегенмін. Мұны көбіңіз жақсы білесіздер! Содан бері UFC-ден көрінетініме еш күмәнім болмады! Альхамдулилла, міне, бүгін әлемдегі ең мықты промоушенмен келісім-шартқа қол қойып отырмын.

Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік, аянбай тер төгіп елімнің абыройын арттырып, биік белестерден көрінуге тырысамын. Ең бастысы барлық уақытта менімен бірге болып, қолдап дұғада болыңыздар, мен үшін ол өте маңызды!" - деп жазыпты Асу Алмабаев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport