auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Шахматтан Астанада өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бірінші жеңісіне қол жеткізді

Шахматтан әлем біріншілігі 4 наурызда басталып, 14-іне дейін жалғасады.

Шахматтан Астанада өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бірінші жеңісіне қол жеткізді
Сурет Қазақстан шахмат федерациясынан. Дэвид Ллада©
Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екінші айналымда Қазақстанның ерлер командасы швециялық шахматшыларды жеңді, ал әйелдер құрамасы Үндістан ойыншыларымен тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі республикалық "Қазақстан шахмат федерациясы" қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.

Швеция - Қазақстан кездесуінде екінші тақтада Әнуар Ісмағамбетов бірінші жеңіске қол жеткізді, одан кейін Қазақстан құрамасының қатысушылары айтарлықтай сенімді өнер көрсетті. Ақ тастармен ойнаған Әнуар гроссмейстер Ханс Тикканенге қарсы өнер көрсетіп, Каро-Канн қорғауда қауіпті шабуылдаушы позиция құрып, жеңіске жетті.

Мұртас Қажығалиевке қарсы гроссмейстер Блумквист оныншы жүрісте фигураны  өте күмәнді  жағдайда құрбан етті. Қара тастар сенімді қорғаныста болды және тез арада басымдылыққа ие болды. Оралдық гроссмейстер жігерлі және қатесіз әрекет етті - есеп айырмасы екі ұпайға дейін артты.

Денис Махнев басымдылыққа ие болды, бірақ Аксель Смит ұқыпты ойнады, сол себепті қарсыластар бейбітшілікке қол қойды.

Бірінші тақтада болған ойын қауіпті еді, алайда Ринат Жұмабаев есеп жұмыстарын жүргізетін әрі мықты қорғаушы ретінде танымал боғлан. Ойын барысында Нильс Гранделиус қателікке бой алдырған сәтте, Ринат жағдайды түзетуге мүмкіндік алып, Қазақстан құрамасының нәтижесін ұлғайтты.


Сурет Қазақстан шахмат федерациясынан. Дэвид Ллада©

Осылайша, екінші айналымда біздің шахматшылар Швеция құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан - Үндістан әйелдері арасындағы ойын тартысты өтті. Біздің шахматшы қыздар Үндістан құрамасымен бұрындары жеңіп жүрген болса да бұл жолы ойын қауіпті басталды. Гүлмира Дәулетова бірнеше өрескел қателік жіберген соң, оның қарсыласы Кулкарни Бхакти оңайлықпен басымдылыққа ие болды. 1:0 есебімен үндістандық қыздар алға шықты.

Бибісара Асаубаева 2018 жылғы әлем біріншілігінде кездеске Падмини Роутпен қайта кездесіп, қарсыласын әбден састырды. Есеп теңесті.

Бірінші тақтада Жансая Әбдімәлік, ал екіншісінде Динара Сәдуақасова бірінші жүрістен соңына дейін басымдылыққа ие болған. Алайда үндістандық қыздар ойын ортасында жақсы өнер көрсетіп, қорытындысында тең нәтижеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан - Үндістан кездесу 2:2 есебімен аяқталды.


Сурет Қазақстан шахмат федерациясынан. Дэвид Ллада©

Бүгін 7 наурызда Қазақстан ерлер құрамасы Еуропаның қазіргі чемпиондары Әзірбайжан командасымен кездеседі. Қыздар болса Олимпида чемпиондары Қытай қыздарымен бақ сынасады.

Айта кетейік, шахматтан әлем біріншілігі 4 наурызда басталып, 14-іне дейін жалғасады. Онда 14 елден 10 ерлер командасы және 10 әйелдер командасы өнер көрсетеді.

Чемпионаттың тікелей көрсетілімін командалық әлем чемпионатының ресми сайтынан қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде тамашалауға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар